Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовті жүлдесімен құттықтады
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі парақшасында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады.
«Әлем чемпионы Елдос Сметовті Олимпиада күміс медалін жеңіп алуымен құттықтаймын. Жақсы нәтиже!» - деп жазады ол.
Айта кетейік, қазақстандық дзюдошы, 60 келі салмақ санатындағы Елдос Сметов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ол финалда ресейлік палуан Беслан Мудрановпен белдесіп, негізгі уақытта тең дәрежеде өнер көрсетті. Өкінішке қарай қосымша уақыттың соңғы секундтарында ресейлік спортшы айласын асырып кетті.
Елдостың бұл жүлдесі Олимпиаданың алғашқы күні Қазақстан қоржынына түскен екінші медаль. Алғашқы жүлдені дзюдодан әйелдер арасында сынға түскен 48 келі салмақтағы аруымыз Галбадрах Отгонцэцэг еншілеген болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05