2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыповтың қарсыласы анықталды
Қазақстандық былғары қолғап шебері Біржан Жақыповтың Олимпиада ойындарындағы алғашқы қарсыласы анықталды.
Айта кетейік, 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов Риодағы жарыс жолын екінші айналымнан бастайды.
Ол намибиялық Маттиас Хамуньелмен кездеседі. Африкалық боксшы бірінші кездесуде әзірбайжандық Руат Хусейновті ұпай санымен жеңген болатын.
Жақыпов пен Хамуньел арасындағы жекпе-жек ертең, 8 тамыз күні өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан қоржынында 2 медаль бар. Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленсе, Отгонцэцэг Галбадрах қола медальді жеңіп алды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05