Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған ойыншылар белгілі болды
Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Алмас Құлшынбаев оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.
Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарынығң аясында Қазақстан жастар құрамасы 3 қыркүйек күні Черногорияны қабылдайды.
Ал, 8 қыркүйек күні сырт алаңда Израиль құрамасымен ойнайды.
Оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда басталады.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);
Қорғаушылар: Рауан Орынбасар («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай («Тобыл»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар»), Талғат Кусяпов («Оқжетпес»), Лев Скворцов («Атырау»), Дінмұхамед Қашкен («Қайсар»), Жалғас Жақсылықов («Оңтүстік» академиясы), Айбар Нұрдалиев («Қайрат»);
Жартылай қорғаушылар: Жан-Әли Пайруз, Геворг Наджарян (екеуі де - «Шахтёр»), Сұлтан Сағнаев, Мәди Жақыпбаев (екеуі де - «Астана»), Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов (екеуі де - «Қайрат»), Арман Кеңесов («СКА-Хабаровск», Ресей), Жасұлан Қайыркенов («Атырау»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Артём Попов («Ақсу»);
Шабуылшылар: Еркебұлан Сейдахмет («Жетісу»), Акмаль Бақтияров («Сочи», Ресей), Оралхан Өміртаев («Тобыл»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Владислав Прокопенко («Ақтөбе»);
Жаттықтырушылар штабы: Алмас Құлшынбаев – аға жаттықтырушы, Асқар Қожабергенов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Тимур Молдағалиев – бапкер, Ержан Сунақов – қақпашылардың жаттықтырушысы, Нұрлан Битүгілов – врач, Станислав Ведлер – массажист, Қайратәли Күнходжаев – массажист, Дінмұхамед Оралов – менеджер.