УЕФА Ұлттар Лигасы: топтық кезең, ойын кестесі және 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын өткізеді.

Ұлттар лигасы – УЕФА-ның ұлттық құрамалар арасында өткізетін жаңа турнир. Алғашқы кубогты 2019 жылы Португалия құрамасы жеңіп алған болатын.

Жеребе 2020 жылдың 3 наурызында Амстердам қаласында өтті. Негізгі турнирдің алты туры биыл қыркүйек, қазан және қараша айларында өтеді. Соңғы кезең 2021 жылдың маусымына жоспарланған. Плей-офф - 2022 жылдың наурыз айында (толығырақ төменде).

55 құрама УЕФА ұлттық құрамасының коэффициенттік рейтингісіне сәйкес лигаларға тағайындалды (А лигасында 1-16, В лигасында 17-32, С лигасында 33-48, D лигасында 49-55).


Жеребе нәтижесі:

A ЛИГАСЫ

A1: Нидерланд, Италия, Босния және Герцеговина, Польша

A2: Англия, Бельгия, Дания, Исландия

A3: Португалия, Франция, Швеция, Хорватия

A4: Швейцария, Испания, Украина, Германия


B ЛИГАСЫ

B1: Австрия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Румыния

B2: Чехия, Шотландия, Словакия, Израиль

B3: Ресей, Сербия, Турция, Венгрия

B4: Уэльс, Финляндия, Ирландия, Болгария


C ЛИГАСЫ

C1: Черногория, Кипр, Люксембург, Азербайджан

C2: Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Армения

C3: Греция, Косово, Словения, Молдова

C4: Албания, Беларусь, Литва, Қазақстан


D ЛИГАСЫ

D1: Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Мальта

D2: Гибралтар, Лихтенштейн, Сан-Марино

Командалар бір-бірімен өз алаңында және қонақта кездесу өткізеді. А лигасындағы төрт топ жеңімпаздары 2021 жылдың маусымына жоспарланған Ұлттар Лигасының финалдық кезеңіне (жартылай финал, үшінші орын матчы және финал) өтеді. B, C және D лигаларындағы топ жеңімпаздары бір лигаға жоғары көтеріледі. А және В лигаларындағы топтардың соңғы орындары төмендегі лигаға түседі.

Әлем чемпионатына іріктеу форматы өзгеріссіз қалады. Он топтың жеңімпаздары тікелей Катардағы финалдық турнирге барады. Тағы үш жолдаманың иелері плей-офф кезеңімен анықталады. Оларда екінші орын алған барлық іріктеу топтары, сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатына тікелей қатыса алмаған немесе плей-офф кезеңіне өтпегендердің ішінен Ұлттар лигасының топтық жеңімпаздары (турнирлік рейтинг негізінде) қатысады.

2020/21 Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі матчтар келесі күндері өтеді: 2020 жылдың 3/4/5 және 6/7/8 қыркүйек, 10/11 және 13/14 қазан, 14/15 және 17/18 қараша.

4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Литвамен ойнайды. Ал, 8 қыркүйек күні біздің футболшылар өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды.


«QAZSPORT» телеарнасында өтетін ойындардың тікелей трансляциясы: 

3 қыркүйек - Ресей - Сербия. Уақыты: 00:35;

4 қыркүйек - Литва - Қазақстан. Уақыты: 21:50;

4 қыркүйек - Италия - Босния. Уақыты: 00:35;

5 қыркүйек - Швеция - Франция. Уақыты: 00:35;

6 қыркүйек - Уэльс - Болгария. Уақыты: 18:50;

6 қыркүйек - Венгрия - Ресей. Уақыты: 21:50;

6 қыркүйек - Испания - Украина. Уақыты: 00:35;

7 қыркүйек - Қазақстан - Беларусь. Уақыты: 20:00;

7 қыркүйек - Босния және Герцеговина - Польша. Уақыты: 00:35;

8 қыркүйек - Швеция - Португалия. Уақыты: 00:35;


«Qazaqstan» телеарнасында өтетін ойындардың тікелей трансляциясы:

3 қыркүйек - Германия - Испания. Уақыты: 00:30;

4 қыркүйек - Нидерланд - Польша. Уақыты: 00:35;

5 қыркүйек - Португалия - Хорватия. Уақыты: 00:35;

6 қыркүйек - Швейцария - Германия. Уақыты: 00:35;

7 қыркүйек - Нидерланды - Италия. Уақыты: 00:35;

8 қыркүйек - Франция - Хорватия. Уақыты: 00:35.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Лондон турнирінің ширек финалына өтті
Астана алғаш рет баскетболдан әлем чемпионатын өткізеді
АҚШ-та өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
Ресми: Тиджани Рейндерс «Манчестер Сити» сапына қосылды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады
Кевин Де Брюйне «Наполи» ойыншысы атанды
Валерий Рахымжан нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Пара волейбол: Қазақстан құрамасы Азия Чемпионатында Жапонияны жеңдІ
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 8 медаль жеңіп алды
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Солтүстік Македония жеңіске жетті
Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс жүлдегер атанды
Криштиану Роналду Португалиямен үшінші рет чемпион атанды
Карлос Алькарас «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы атанды
Франция Ұлттар лигасының қола жүлдегері атанды
Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды
Геннадий Головкин ХОК ұйымдастырған Sport for a Better World саммитіне қатысты
Испания Францияны жеңіп, Ұлттар лигасының финалына шықты
Футболдан Қазақстан командасы жолдастық кездесуде Беларусь құрамасына есе жіберді