4 отандасымыз Әлем чемпионатының финалында!

Бокстан Белградта өтіп жатқан Әлем чемптонатының финалына 4 қазақстандық боксшы жолдама алды. Жаһандық доданың алтынына таласатын жігіттеріміз: Теміртас Жүсіпов, Сакен Бибосынов, Махмуд Сабырхан, Серік Теміржанов. Осы жөнінде толығырақ...

Белградтағы шаршы алаңға бірінші болып ең жеңіл салмақтағы Теміртас Жүсіпов шықты. Оның қарсыласы - болашағынан зор үміт күттіретін Беларусь боксшысы Евгений Кармильчик. Дегенмен Теміртас мол тәжірибесінің арқасында 5:0 есебімен жеңіске жетті. Финалдық жекпе-жекте отандасымыз таиландтық боксшы Вуттичай Юрачаймен жолығады.

Екінші болып құрама сапынан шаршы алаңға шыққан Махмуд Сабырхан да еш қиындықсыз финалға жолдама алды. Жартылай финалда үндістандық Акаш Кумардан 5:0 есебімен айла асырған ол, финалда жапониялық Томои Цубоймен қолғап түйістіреді. 

Өкінішке қарай жартылай финалда бір боксшымыз жеңіліс тапты. Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов Жапониядан келген Севонрет Оказаваға есе жіберді. Тартысқа толы кездесуде жапониялық боксшы жеңіске жетті. Бұл жағдайға наразы болған ұлттық құрама штабы қарсы шағым түсіргенімен нәтиже бермеді. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті.

Кешкі сессияда қос отандасымыз Сәкен Бибосынов мен Серік Теміржанов жанкүйер көңілін марқайтты. 51 келіге дейінгі салмақта Сәкен тай боксшысы Танарат Саенгфеттен 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша отандасымыз 2019 жылы жаһандық додада жеңген қоласынан асып түсті. Финалда спортшымыз америкалық Роско Хиллмен кездеседі.

Құрама сапынан жарыс жолына соңғы болып Серік Теміржанов шықты. Кубалық Освель Кабальерромен тартысты жекпе-жекте павлодарлық жігіт 3:2 есебімен басым түсті. Тіпті, бірінші раунд аяқталар тұста Серік кубалықты нокдаунға түсірді. Енді Серік алтын жүлде үшін АҚШ спортшысы Джамал Харвимен шеберлік байқасады.

Финалдық жекпе-жектер 5-6 қараша күндері өтеді. Отандастарымыз екі америкалық, екі Таиландтық және Жапониядан келген спортшылармен бас жүлдені сарапқа салады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді
Кристиан Ромеро Еуропа лигасы финалының үздік ойыншысы атанды
Дзюдо:Әлем чемпионатына қатысатын балуандар тізімі белгілі болды
Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қош айтысты
Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды