АНТОНИО РУКАВИНА СПОРТТЫҚ МАНСАБЫН АЯҚТАДЫ

 «Астана» футбол клубның 37 жасар Сербиялық жартылай қорғаушысы өзінің спорттық мансабын аяқтады. «OLIMPBET - Қазақстан Кубогы» аясында «Қайратпен» болған ойын Антонионың спорттық мансабында өткізген соңғы ойыны болды. «Астана» сапында өткізген үш жыл ішінде екі мәрте ел чемпионы (2018,2019) 2020 жылы қола және биылғы маусымда күміс жүлдеге қол жеткізген. Сонымен қатар екі рет УЕФА Еуропа Лигасының қатысушысы, топтық кезең аясында Манчестер Юнайтед қақпасына жеңіс добын соққан.








Қазақстандық клуб сапында 2018 жылдан бастап өнер көрсететін сербиялық жартылай қорғаушы бұған дейін Бежания (2002-2006), Партизан (2007).ДортмундтықБоруссия (2008), Мюнхен 1860 (2009-2012) Вальядолид (2012-2014). Вильярреал (2014-2018) клубтары сапында ойнаған. Сербия ұлттық құрамасы сапында 59 ойын өткізіп, 2018 жылы Ресейде Әлем чемпионатына қатысқан.

Клубтық деңгейде барлығы 457 ойын өткізген, ресми ойындарда 7 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.

- Астана сапында кереметтей үш жыл өткіздім, жанкүйерлер тарапынан осыншама ыстық ықылас келеді деп күтпедім. Мен Астана футбол клубына соңғы жылдарымды өткізуге мүмкіндік бергені үшім алғыс айтуым керек. Қаңтар айында жасым 38-ге келеді. Енді отбасым жайлы ойлауым керек. Спорттық мансабымды аяқтауды жаздан бері жоспарлап жүрдім. Енді өмірімнің жаңа кезеңі басталады -, деді Антонио Рукавина спорттық мансабының аяқталуы жайлы.

Instagram: https://www.instagram.com/qazsport_official/

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді
Бейбарыс Ерсеит ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейге есе жіберді
Бокстан Иорданиядағы U15/U17 Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы 16 алтын жеңіп алды
Бокстан (U15) Иорданиядағы Азия чемпионаты қорытындыланды
Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды