Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен өтетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Кака Өзбекстанмен болатын ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. 

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»)

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалыков, Дуглас (барлығы – «Қайрат»), Тайнан («Эль-Посо», Испания), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтобе»), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - «Атырау»), Ерсұлтан Сағындыков («Бәйтерек»), Ринат Төреғазин («Аят»,) Ғазиз Нағашыбай («Рахмет»)

Өзбекстан құрамасына қарсы ойын 2022 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық ретінде өтеді. Ойындар 14-15 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында, жергілікті уақыт бойынша 19:00-де жоспарланған. 

Жолдастық кездесу «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Бөлісу