Басты Жаңалықтар Футзалдан Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

Футзалдан Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

Футзалдан Еуропа чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы ойыншыларының тізімі жарияланды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда алдағы турнирге дайындықты бастады.

Рикардо Кака бастаған жаттықтырушылар штабы 2022 жылғы Еуропа Чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады. Оқу-жаттығу жиынынан соң нақты тізімге 14 ойыншы енеді.

Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Словения, Финляндия және Италиямен сынға түседі.

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо Самара», Ресей), Лео («Норильский никель», Ресей), Нұрбек Қарағұлов («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Жомарт Тоқаев, Ерсұлтан Сағындықов (екеуі де - «Атырау»);


Бөлісу