Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті

Нидерланд мемлекетінде өтіп жатқан футзалдан Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы Финляндияны 6:2 есебімен жеңді. Ойын барысында екі рет есепте артта тұрған Кака шәкірттері есепті, теңестіріп қана қоймай Еуропа біріншілігінде жарқын жеңіске қол жеткізді. Қазақстан құрамасының сапында Біржан Оразов пен Арнольд Кнауб дубль авторы атанса, Азат Валиуллин және Игита гол авторлары атанды. Осылайша Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинап, В тобының көшін бастады. В тобындағы Словения - Италия арасындағы ойын 2:2 есебімен аяқталды. 

Айта кетейік Қазақстан құрамасының капитаны Игита Финляндия құрамасының қақпасына гол соғып, үш Еуропа чемпионатында гол соққан алғашқы қақпашы атанды.

Қазақстан құрамасы 28 қаңтар күні Италия құрамасымен ойнайды. Еуропа біріншілігінің барлық ойындарын «Qazsport» телеарнасының эфирінен көріңііздер.  

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды
Қазақстандық алып үш әлемдік рекорд орнатты
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
«Челси» үш түрлі еурокубок жеңіп алған тарихтағы алғашқы команда атанды
«Челси» Конференция Лигасының чемпионы
Ресми: «Барселона» Ламин Ямальмен келісімшарт мерзімін 2031 жылдың шілде айына дейін ұзартты
Каратеден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Криштиану Роналду «Әл-Хиләлге» ауысуы мүмкін
Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті
Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кетуі мүмкін
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Ресми: Эрик Тен Хаг «Байер» клубының бас бапкері болып тағайындалды
АҚШ құрамасы 1960 жылдан бері алғаш рет хоккейден әлем чемпионы атанды
Килиан Мбаппе 2024/25 маусымының «Алтын бутсасын» жеңіп алды