Қазақстандық спортшылар Қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы іріктеу жарыстарын бастайды
Бүгін Бейжің Олимпиадасында қазақстандық спортшылар алғашқы іріктеу жарыстарын бастайды. Фристайл-могулдан Қазақстан атынан 6 спортшы сынға түседі. Олар - құрама көшбасшысы, 2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков. Бұл жарыс бойынша 13 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.
Квалификациялық іріктеу туры «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде трансляцияланады.
Нұр-Сұлтан уақытымен 15:55-те Анастасия Городко, Аяулым Амренова, Олеся Граур мен Юлия Галышева, 17:40-та ерлер арасындағы іріктеуде Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков жарыс жолына шығады. Комментатор – Есей Жеңісұлы. Комментаторлармен бірге тікелей эфирге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары шақырылады.
4 ақпаннан бастап «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде «Бейжің-2022» студиялық бағдарламасы эфирге шығады.
Телеэфирден бөлек, олимпиадалық жарыстар арнаның www.qazaqstan.tv ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан, Qazaqstan.tv You Tube арнасынан көрсетіледі.