Басты Жаңалықтар «Qazsport» телеарнасы «Олимпиадалық Пекин» бағдарламасын ұсынады

«Qazsport» телеарнасы «Олимпиадалық Пекин» бағдарламасын ұсынады

«Qazsport» телеарнасы «Олимпиадалық Пекин» бағдарламасын ұсынады

Бағдарламаға Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлерінің басқарма басшысы Айжан Есентаева, фристайлдан мемлекеттік жаттықтырушы Қазбек Иманғали және шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі Мадина Жанбосынова қатысады.

Жүргізушілер: Телжан Күдеров және Индира Бектенова

Студиялық жобалар Қысқы Олимпиада ойындарының соңына дейін күн сайын тікелей эфирде жалғасады.

Сонымен қатар, 17:55-те XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ашылу салтанатын Сергей Райлян мен Индира Бектенова жүргізеді. «Qazaqstan» ұлттық арнасында - Есей Жеңісұлы және Уәлихан Қосанбай комментаторлық қызмет атқарады.

Тікелей трансляцияны эфирден бөлек, www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен #QazaqstanTV YouTube арнасыан тамашалай аласыздар.

Бөлісу