Басты Жаңалықтар Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Олимпиада ойындарының төртінші күні жарыс жолына бірнеше отандасымыз шығады. Атап айтсақ, шаңғымен тұғырдан секіруен іріктеу кезеңінде Данил Васильев пен Сергей Ткаченко бақ сынайды. Жарыстың басталу уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен 11:10-да «Qazaqstan» ұлттық арнасында  тікелей эфирде көрсетіледі.

Әйелдер арасындағы 7,5 шақырымға  шаңғы жарысында алғашқы Олимпиада жүлделері сарапқа салынады. Бұл жерде бес бірдей отандасымызға жанкүйер боламыз. Олар: Ангелина Шурыга, Ксения Шалыгина, Ирина Быкова, Валерия Тюленева және Надежда Степашкина.Әйелдер жарысы 13:35-те «Qazaqstan» ұлттық арнасында тікелей эфирде болады.

Фристайл-могулдан екінші іріктеу кезеңеінде Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд бақтарын сынайды. Могулшылардың жарысы 15:55-те «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Сағат 19:15-те могулшылардың финалы өтеді.

Бөлісу