Басты Жаңалықтар Чемпиондар Лигасында ширек финалға шыққан ұжымдар белгілі

Чемпиондар Лигасында ширек финалға шыққан ұжымдар белгілі

Чемпиондар Лигасында ширек финалға шыққан ұжымдар белгілі

Чемпиондар Лигасыны алғашқы ширек финалистері белгілі болды. Мюнехендік  «Бавария» австриялық «Зальцбургті» 7:1 есебімен жеңіп, еш қиындықсыз келесі кезеңге жолдама алды.  «Альянц Арена» стадионында өткен ойында Роберт Левандовский хет-трик авторы атанса, Томас Мюллер екі гол соқты, тағы бір гол Серж Гнабридің еншісінде. Австрияда өткен ойында екі команда 1:1 есебімен тең тарқасқан болатын. Осылайша Юлиан Нагельсманның командасы алғашқылардың бірі болып ширек финалдың қатысушысы атанды.

1/8 финалдың екінші ойыны Ливерпуль қаласында болды. Жергілікті «Энфилд» стадионында миландық «Интер» Юрген Клопптың шәкірттерін 1:0 есебімен жеңгенімен алғашқы ойында 2:0 есебі «Ливерпульдің» пайдасына тіркелді. Екі ойынның қорытындысы бойынша англиялық клуб Чемпиондар Лигасының ширек финалына жолдама алды.     

Бөлісу