Басты Жаңалықтар Қайрат Нұрдаулетов Шотландия құрамасына қарсы ойнайтын ойыншылар тізімін жариялады

Қайрат Нұрдаулетов Шотландия құрамасына қарсы ойнайтын ойыншылар тізімін жариялады

Қайрат Нұрдаулетов Шотландия құрамасына қарсы ойнайтын ойыншылар тізімін жариялады

Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов EURO-2023 турнирінің іріктеу кезеңі аясында Шотландия командасына қарсы 29 наурыз күні ойнайтын ойыншылар тізімін жариялады. Ойын Алматы қаласының орталық стадионында жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де өтеді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Вадим Петров («Қызыл-Жар»), Қажымұқан Төлепберген («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Арсен Буранчиев, Дамир Қасаболат, Егор Ткаченко (барлығы – «Кайрат»), Сағи Совет («Астана»), Лев Скворцов («Туран»), Жалғас Жақсылықов («Тараз»), Дінмұхаммед Қашкен («Жальгирис», Литва), Александр Широбоков («Кайрат-Мәскеу», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Сұлтан Сағнаев, Станислав Басманов (екеуі де – «Астана»), Еркебұлан Сейдахмет, Данияр Үсенов (екеуі де – «Кайрат»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Дінмұхаммед Қараман, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Тараз»), Дамир Марат, Жасұлан Қаиркенов (екеуі де – «Ақсу»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абылайхан Жұмабек («Тараз»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Мирас Тұрлыбек («Ақсу»);

Қазақстан жастар құрамасы 18 наурыз күні Талғар қаласында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, 24 наурыз күні Қырғызстан U-23 құрамасымен жолдасытық матч болады.

Бөлісу