Басты Жаңалықтар Күрес түрлерінен Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Күрес түрлерінен Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Күрес түрлерінен Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы үш күрес түрі бойынша бес алтын,сегіз күміс, жеті қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресі бойынша Азия Чемпиондары: Мейіржан Шермағанбет (67 келі) және Әлімxан Сыздықов (130 келі)

Күміс жүлдегерлер: Аманғали Бекболптов, (55 келі) Мейрамбек Айнағұлов, (63 келі) Абылайxан Әмзеев, (72 келі) Мақсат Ережепов, (77 келі) Диас Қален (82 келі)

Қола жүлдегерлер: Ернұр Фидаxметов (60 келі) Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) 

Еркін күрестен Азия Чемпионы: Азамат Дәулетбеков (86 келі)

Күміс жүлдегерлер: Раxaт Қалжан (57 келі) Нұрқожа Қайпанов, (74 келі) Әлішер Ерғали (125 келі)

Қола жүлдегерлер: Ақбар Құрбанов, (61 келі) Талғат Сырбаз, (70 келі) Әділет Даулымбаев, (92 келі) Мамед Ибрагимов (97 келі)

Әйелдер күресінен Азия Чемпиондары: Мадина Бақбергенова (68 келі) және Жәмилә Бақбергенова (72 келі)

Қола жүлдегерлер: Жұлдыз Эшимова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі)


Бөлісу