Ольга Хижнякова - Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері

Сурдлимпиада ойындарында ел қоржыны күміс жүлдемен толықты. Ядро лақтырудан Ольга Хижнякова Бразилияда өтіп жатқан жарыста 12.32 м нәтижесімен тұғырдың екінші сатысынан көрінді.

Таэквандодан Ұлттық құрама капитаны, 58 келіде сынға түскен Аян Әбдіраш қола жүлдені жеңіп алды.

68 келіде ел намысын қорғаған Нұрдәулет Жақып пен +80 келіде Фрундин Виктор қола жүлде иегері атанды.

10-шы жарыс күні Қазақстан үшін сәтті басталып, Фархат Қыстаубаев кедергілермен жүгіруден қола жүлдені иеленсе, Раушан Бейсебай сырықпен секіруден үшінші орын алды.

Ольга Хижнякова балға лақтырудан тағы бір қола жүлдені жеңіп алды. Осылайша Ольга үшін бұл Сурдлимпиада ойындарының екінші жүлдесі.

Қазақстан құрамасының еншісінде 1 алтын, 3 күміс және 15 қола жүлде бар. Жалпы командалық есепте 19-шы орында. Есту қабілеті нашар жандарға арналған олимпиада ойындары 15 мамырға дейін жалғасады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды