Хайратхаан Шонку - Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанды
Бразилияда өтіп жатқан 24-ші жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен жарыстар аяқталды.
Бұл сында 130 келіде ел намысын қорғаған Хайратхаан Шонку қарсылас шақ келтірмей жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз финалдық кездесуде түрік спортшысы Мехмет Юсалды айқын басымдылықпен жеңіп, алтын медаль иегері атанды.
Өз кезегінде 97 келіде Асылан Тажиев Иран спортшысына есе жіберіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады. Ал, Нұржан Асан (77 кг), Алдияр Балташевтар (60 кг) үшінші орын үшін болған бәсекеде қарсыластарынан басым түсіп, қос спортшымыз ел қоржынын тағы екі қоламен толықтырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
15.10.2026, 15:00
Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады
15.10.2026, 14:00
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35