Басты Жаңалықтар «Qazsport» телеарнасында жаңа жоба - SUPER BOL!

«Qazsport» телеарнасында жаңа жоба - SUPER BOL!

«Qazsport» телеарнасында жаңа жоба - SUPER BOL!

Жас аяқдопшылардың әлеуетін дамытуға бағытталған "Super bol!" реалити-шоуы 3 айдың ішінде Қазақстанның 8 қаласында, 2 айлық жаттығу жүргізіп, 50 финалист-қатысушыны іріктейді. Қатысушылардың жас шамасы: 16 жас пен 24 жас аралығында болуы тиіс. Алғашқы іріктеу кезеңі мен түсірілім жұмыстары Семей қаласынан басталады. 

Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тікелей қолдауымен жүзеге асады.

Ең бастысы финалдық матчқа:  «Партизан» (Сербия), «Галатасарай» (Турция), «Лудогорец» (Болгария), «Мальме» (Швеция), «Динамо» (Хорватия), «Брага» (Португалия), «ПАОК» (Греция) секілді отандық және халықаралық футбол клубтарының өкілдері шақырылады.

Қатысушыларға қойылатын басты талап: Кәсіби клубтар және академиялармен келісім-шарттың болмауы. 

Толық ақпаратты біздің әлеуметтік желімізден қадағалап отырыңыздар!

Бөлісу