«Qazsport» телеарнасында жаңа реалити-шоу - «Super Bol!»

Алғаш рет ұйымдастырылып жатқан «Super Bol!» жобасының мақсаты - футболшы болғысы келетін әуесқой ойыншыны кәсіпқой спортшыға айналдырып, үлкен футболға жолдама беру!

Еліміздің 8 қаласында өткен реалити-шоудың іріктеу кезеңіне барлығы 6000-ға жуық үміткер қатысты. Іріктеуден өткен 16-24 аралығындағы 50 жас ойыншы финалдық кезеңде бақ сынайды.

Ойыншылардың одан әрі кәсіби деңгейге көтерілуіне Давид Лория, Самат Смақов сынды бұрынғы футболшылар көмектеседі.

Реалити-шоудың алғашқы шығарылымы 9 шілде күні cағат 19:00-де арнамыздың эфирінде көрсетіледі.

Аталған жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тікелей қолдауымен жүзеге асып жатыр. Реалити-шоу қатысушыларына қойылатын басты талап: кәсіби клубтар және академиялармен келісім-шарттың болмауы.

Финалдық ойынға: «Партизан» (Сербия), «Галатасарай» (Турция), «Лудогорец» (Болгария), «Мальме» (Швеция), «Динамо» (Хорватия), «Брага» (Португалия), «ПАОК» (Грекия) сияқты халықаралық футбол клубтарының өкілдері шақырылады.

Отандық арнада тұңғыш рет ұйымдастырылып тұрған «Super Bol!» реалити-шоуының алғашқы шығарылымын «Qazsport» телеарнасынан өткізіп алмаңыз!

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды