Басты Жаңалықтар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың төрт ойынын тікелей эфирде көрсетеді.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың төрт ойынын тікелей эфирде көрсетеді.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың төрт ойынын тікелей эфирде көрсетеді.

Конференция Лигасының 2-ші іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 21 шілде күні өтсе, қарымта ойындар 28 шілдеге жоспарланған.

«Қызыл-Жар» футбол клубы хорватиялық «Осиек» командасымен кездеседі. Ойын елорда уақыты бойынша сағат 17:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Комментаторлар: Дәулет Сейітбек пен Ербол Қаиров.

Қостанай қаласында жергілікті «Тобыл» гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» ұжымын қабылдайды. Бұл ойынды сағат 19:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Ойынның комментаторлары: Еламан Әмірғазы және Әділет Құсайынов.

Алматы қаласының «Орталық» стадионында «Қайрат» венгриялық «Кишварданы» қабылдайды. Ойын сағат 19:50-де «Qazaqstan» ұлттық арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Трансляция тізгінінде: Есей Жеңісұлы және Әлімжан Асқар.

Польшалық «Ракув» өз алаңында елордалық «Астана» футбол клубымен кездеседі. Ойынды сағат 00:50-де, тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Трансляция комментаторлары: Ермұхаммед Мәулен мен Дидар Қадыров.


Бөлісу