Нора Джеруто еліміздің тарихында тұңғыш рет Әлем Чемпионы атанды

Юджинде (Орегон штаты, АҚШ) өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Әлем чемппионатында сынға түскен қазақстандық Нора Джеруто еліміздің тарихында тұңғыш рет алтын жүлде жеңіп алды.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру жарысынан бақ сынаған Нора мәреге 08:53:02 уақытта келіп, Әлем Чемпиионатының жаңа рекордын орнатты. Жарыстың күміс жүлдесін Веркуха Гетачев (Эфиопия) еншілесе, қола жүлде Мекидес Абебеге (Эфиопия) бұйырды.

Сонымен қатар, Әлем Чемпионатында 5000 метр қашықтыққа жүгіруде Каролин Чипкович Кипкируи финалға жолдама алды. Жартылай финалдық сында эфиопиялық Летесенбет Гидейге есе жіберді. Мәре сызығын екінші болып кескен Каролин Әлем Чемпионатының жүлдесіне таласуға мүмкіндік алды. Финал 24 шілдеге жоспарланған.

Жартылай финалда жарыс жолына шыққан Михаил Литвин 400 метр қашықтыққа жүгіруде өзінің үздік нәтижесін (46,03) көрсеткенімен, финалға өту үшін жеткіліксі болды. Нәтижесінде Михаил Әлем Чемпионатын 16-шы орынмен аяқтады.

Әлем Чемпионаты 24 шілдеге дейін жалғасады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды