Шорт-тректен Қазақстан құрамасы тарихи нәтижеге қол жеткізді

Монреаль (Канада) қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде бас бапкер Нұрберген Жұмағазиев бастаған Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы 5000 метрлік эстафетада күміс жүлдегер атанды

А финалына Канада, Италия, Қазақстан және Оңтүстік Корея елінің спортшылары шыққан болатын. Жарыстың аяқталуына 2 айналым қалған уақытта Италия спортшысы ереже бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді. Нәтижесінде жарыс жеңімпазы Оңтүстік Корея, күміс жүлде Қазақстан, ал үздік үштікті жарыс қожайындары Канада құрамасы түйіндеді. Қазақстан құрамасы қатарында Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали және Денис Никиша өнер көрсетті.

Бұл еліміз үшін 2017 жылдан бері алғашқы жүлде. Естеріңізде болса 2017 жылы ұлттық құрама жігіттері Әлем Кубогының кезеңдерінің бірінде қола жүлде еншілеген болатын.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты