Қазақстан құрамасы - Универсиаданың қола жүлдегері
Хоккейден Қазақстан құрамасы ХХХІ Дүниежүзілік Қысқы Универсиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қола жүлде үшін өткен ойында ұлттық құрама жігіттері Жапониямен кездесіп, 8:1 есебімен жеңіске жетті.
Универсиада алтынын Канада және АҚШ құрамалары сарапқа салып, үйеңкі жапырақты елдің өкілдері 7:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Канада Универсиада жеңімпазы болды. АҚШ күміс жүлдегер.
Ел құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлде бар. Универсиада алтынын биатлоншылар Вадим Куралес пен Бекентай Тұрлыбеков және шаңғымен тұғырдан секіруші Данил Васильев еншіледі.
Жалпыкомандалық есепте 21 алтын жүлде алған Жапония құрамасы көш бастады. Екінші орын Оңтүстік Кореяға бұйырса, Канада үшінші орынға тұрақтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
15.10.2026, 15:00
Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады
15.10.2026, 14:00
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35