Мергендер Әлем Кубогында үш жүлдеге ие болды
Индонезия астанасы Джакарта қаласында мылтық және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогы жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының қоржынында үш жүлде бар.
Ерлер арасында 10 метрден пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде Қазақстан құрамасы күміс жүлде еншіледі. Финалда біздің спортшылар Аустрияға 16-8 есебімен жеңілді. Ел намысын Константин Малиновский, Никита Шахторин және Ислам Сәтпаев қорғады.
Қазір отандастарымыз екі күміс және бір қола медальмен жалпы есепте 7-орында тұр. Джакартадағы бәсекеге 15 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Барлығы да Әлем Кубогы қарсаңында 10-26 қаңтар аралығында Кувейтте өткен оқу-жаттығу жиынына қатысқан.
Индонезиядағы сайыста (31 елден, 300-ге жуық спортшы келген) рейтинг ұпайлары сарапқа салынып жатыр. Ал бұл ұпайлар Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік береді. Әлем Кубогі 7 ақпанда мәресіне жетеді.