Алматы қаласында IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды

Төрт жылда бір өтетін кешенді жарыстың шымылдығын шаңғымен тұғырдан секірушілер мен кёрлинг спортының шеберлері ашты.

«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплині кешенінде төрт өңірден – Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысының жас спортшылары 5 жас санатында шеберлік байқасып жатыр. Бүгін спортшылар К-20,К-40 және К-60 тұғырынан секіріп, үздіктерді анықтады.

К-20 (20 метр биіктен), ұлдар:

1. Ибраһим Абайдулаев (Алматы қаласы);

2. Иван Ушаков (ШҚО);

3. Семён Вервейкин (Алматы қаласы);

Қыздар:

1. Айша Марат (Алматы қаласы);

2. Анна Гайкалова (Алматы қаласы);

3. Полина Шевцова (Алматы қаласы);

К-40 (40 метр тұғырдан), ұлдар:

1. Керейхан Қабдулла (Алматы қаласы);

2. Александр Филоненко (Алматы қаласы);

3. Яромир Гилёв (Алматы қаласы);

Қыздар:

1. Агата Васильева (Алматы қаласы);

2. Анастасия Горунова (Алматы қаласы);

3. Таисия Шишкина (Алматы қаласы);

К-60 (60 метр биіктен), ұлдар:

1. Илья Мизерных (Алматы қаласы);

2. Данил Каменкин (Алматы қаласы);

3. Артем Мешков (Алматы қаласы);

Қыздар:

1. Софья Шишкина (Алматы қаласы);

2. Алёна Свериденко (ШҚО);

3. Виктория Рулёва (ШҚО);

Енді жасөспірімдер К-90 тұғырындағы жекелей және командалық сайыспен жарысты аяқтайды.

Ал кёрлинг республикалық маңызы бар 2 қала мен 8 облыстан келген 300 жас спортшының басын қосты. Олар 10 күн бойы 2 топқа бөлініп, жекелей және командалық сайыста сынға түседі. Бүгін бірінші турдың ойындары өтті.


Айта кетейік, биылғы кешенді жарыс кезінде 11 спорт түрінен үздіктер анықталмақ. Олар: биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру.

Барлық бәсекеден соң әр спорт түрінен еліміздің жастар құрама командалары жасақталып, алдағы халықаралық ресми жарыстарға, оның ішінде 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына баратын спортшыларды анықталады. Сондай-ақ 2026 жылғы Миландағы (Италия) Олимпия ойындарына сапалы дайындық жүргізуге қатысатын мықты спортшылар іріктеледі.

Ережеге енгізілген спорт түрлері бойынша Жастар ойындарының жарыстары шайбалы хоккей мен керлингтен басқа Қазақстан чемпионаты шеңберінде өтеді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты