«Астана» Чемпиондар лигасымен қош айтысты, бірақ алда Еуропа лигасы
УЕФА Чемпиондар лигасы үшінші біліктілік кезеңінің қарымта кездесуінде «Астана» шотландиялық «Селтикке» 2:1 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.
Гол авторлары:Ли Гриффитс (45,`), Агим Ибраими (62') мен Мусса Дембеле (90').
Бірінші тайм толығымен «Селтик» командасының басымдылығымен өткен болатын. Тайм соңына қарай 11 метрлік айып добын орындаған Ли Гриффитс шотландиялық клубты алға шығарды (1-0, Ли Гриффитс, 45`).
Үзілістен кейін «Селтик» бірден шабуылдарын үдете түсті. «Астана» футболшылары тек қорғанумен болды. Қарымта шабуылдардың бірінде қақпасынан шығып кеткен Гордонды байқаған Ибраими алыстан соққы бағыттап сол салды (1-1, Агим Ибраими, 62').
Екінші таймның соңында екінші сары қағазын алған Игорь Шитов алаңнан қуылып, «Астана» қақпасына осы ойында 2 рет 11 метрлік айып добы белгіленген еді. Айып добын орындаған Мусса Дембеле өз комнадасын алға шығарды (2-1, Мусса Дембеле, 90').
«Астана» УЕФА Чемпиондар лигасымен қош айтысқанымен де, Еуропа лигасында өнер көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Селтик» пен «Астана» арасындағы кездесуді тікелей эфирде «Қазақстан» телеарнасы көрсеткен болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Данил Васильев жазғы Гран-при кезеңдерінің жалпы есебінде үздік үштікке енді
25.10.2026, 11:00