Басты Жаңалықтар «Астана» «Легиядан» 3:1 есебімен басым түсті

«Астана» «Легиядан» 3:1 есебімен басым түсті

«Астана» «Легиядан» 3:1 есебімен басым түсті

Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» ФК өз алаңында варшавалық «Легия » клубын  қабылдады. Кездесу 3:1 есебімен алаң иелері пайдасына аяқталды.

Варшавалық «Легия» футболшыларының қорғаныстағы қателігін оңтайлы пайдаланған Жуниор Кабананга кездесудің 36-шы минутында  матчтағы алғашқы голдың авторы атанды.

Ойынның 45-ші минутында «Астана»  футболшысы Иван Маевскийдің айып алаңы сыртынан соққы жасауы доптың қақпа бағанасынан табылуына алып келді.

Матчтың 78-минутында «Легия» шабуылшысы  Армандо Садику бірнеше метрден қақпаға соққы бағыттап, есеп айырмасын  қысқартты.

Ал, кездесудің соңында , 94-ші минутта,  «Астана» командасының  қарымта шабуылын Патрик Твумаси сәтті  аяқтап, ойынның соңғы нүктесін қойды.

Бұл матчты тікелей эфирде көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.

Бөлісу