Басты Жаңалықтар Бүгін «Астана» варшавалық «Легия» клубымен сырт алаңда ойнайды

Бүгін «Астана» варшавалық «Легия» клубымен сырт алаңда ойнайды

Бүгін «Астана» варшавалық «Легия» клубымен сырт алаңда ойнайды

Бүгін түнде  УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» ФК сырт алаңда варшавалық «Легия» клубына қарсы қарымта кездесу өткізеді.  Матчты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілімнің басталуы 00:35-те.

Сырт алаңдағы ойынға «Астана»  мына құраммен аттанды:

Қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен;

Қорғаушылар: Марин Аничич, Игорь Шитов, Берік Шаихов, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков;

Жартылай қорғаушылар: Марин Томасов, Ласло Кляйнхайслер, Иван Маевский, Срджан Граховац, Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Роман Муртазаев, Мәди Жақыпбаев;

Шабуылшылар: Патрик Твумаси, Жуниор Кабананга.

Айта кетейік,  командалар арасындағы алғашқы ойында «Астана» ФК өз алаңында 3:1 есебімен  басым түсіп,  келесі кезеңге өтуге бір табан жақындады.

Жеңіске бірге жетейік!

Бөлісу