Василий Левит Олимпиада ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңімпаз атанды
91 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарындағы өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңімпаз атанды.
Бокс турнирін екінші айналымнан бастаған 28 жастағы Левит қытайлық Венгкай Юмен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан бастап, отандасымыз басымдық танытып, қарсыласын жойқын соққылар астына алды. Нәтижесінде бірінші раундты айқын жеңді.
Жекпе-жектің екінші раундында Қытай спортшысы шабуыл жасауға тырысқанымен, Левит дес бермей, оны нокаутқа жіберді. Алайда, қытайлық боксшы кездесуді ары қарай жалғастырды. Соған қарамастан, үшінші раунд алдында отандасымыздың есебіне техникалық нокаут жазылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00