Карина Горичева ауыр атлетикамен 15 жасынан бастап айналыса бастаған
Карина Горичева - 63 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық зілтемірші. 1993 жылы 8 сәуірде Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ауыр атлетикамен 15 жасынан бастап айналыса бастаған.
Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының күміс (2011), қола (2012) жүлдегері. 2013 жылғы Дүниежүзілік Жазғы Универсиаданың күміс медаль иегері. Осы жылы Әлем біріншілігінде 107+135=242 келі көрсеткішпен төртінші орынға тұрақтады.
2014 жылы Әлем чемпионатында жұлқа көтеру бойынша (113 келі) алтын иеленді. Серпе көтеруде 133 келіні бағындырып, жалпы есепте 6-шы орынға тұрақтады.
2015 жылғы Әлем чемпионатында үздік үштік қатарына енді (112 кг). Алайда, қоссайыстың екіншісінде 132 келіні көтеріп, жалпы есепте 5-ші орыннан көрінді.
2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.
ҚР-ның Халықаралық санаттағы спорт шебері.
Қазіргі уақытта Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде білім алуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00