Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді
Аты аңызға айналған футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға ниетті.
«Мен физиотерапия жалғастырудамын және 21 тамыз күні мерекелік іс-шараның жабылуына қатысуға ниеттімін. Сіздерді жақсы көремін», - деп жазды әйгілі футболшы өзінің твиттер парақшасында.
Бастапқыда Пелеге Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада алауын жағу ұсынылған болатын, алайда ол бүкіл әлем алдына сүйеніш таяғымен шығуды қаламады.
Нәтижесінде 5 тамыз күні Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кезінде олимпиада алауын 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында марафон жүгіруде қола жүлде иеленген 46 жастағы Вандерлей Кордейру ди Лима жақты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00