Олимпиадашылар мерзімінен бұрын әскери шендер алды
Бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанған спортшыларға мерзімінен бұрын әскери шендер тапсырды.
Атап айтқанда, ҚР Ұлттық ұланның спорттық командасының аға нұсқаушылары Данияр Елеусінов, Елдос Сметов, Василий Левитке «лейтенант» атағы, Батыс Қазақстан облысының ІІД жедел ден қою арнайы жасағының инспекторы Екатерина Ларионоваға «полиция лейтенанты» арнайы атағы, ҚР ҰҰ спорт командасының жаттықтырушысы Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычкоға «капитан» әскери атағы мерзімінен бұрын берілді.
ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен Арли Чонтей, Маргарита Елисеева, Екатерина Руденко және ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Тимур Хайдаров марапатталды.
«Желтоқсан айына дейін тынығып алуды жоспарлап отырмын. Жалпы, біз мерзімінен бұрын берілген әскери шенге қуаныштымыз. Қолдау көрсетіп, бізге жанкүйер болған барша қазақстандықтарға ризашылығымызды білдіреміз», - дейді Олимпиада ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары «Динамо» дене-шынықтыру-спорт қоғамының спортшылары 62 олимпиада медалін жеңіп алды. Оның ішінде: 16 алтын, 19 күміс және 27 қола медаль. 2016 жылғы жазғы Олимпиадада Қазақстан жеңіп алған 17 олимпиада наградасының 16 медаліне осы спортшы-динамошылардың еңбегімен қол жеткізілді: 3 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль динамошылардың жеңісі.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05