Қазақстандық спортшы бодибилдинг бойынша Әлем кубогінен жүлделі оралды
Дина Баймаханның бодибилдингпен кәсіби түрде айналысқанына 1 жылдан асты. Осы жылы елордада бодибилдингтен Қазақстан біріншілігі өтті. Аталмыш додада алматылық ару топ жарып, Испаниядағы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.
Қараша айының басында Испанияның Таррагона қаласында Әлем кубогі өтті. Пиреней түбегіндегі жарыста отандасымыз ресейлік София Малолетоваға ғана есе жіберіп, күміс медальді еншіледі.⠀
Бұрымды бодибилдинг шебері Рига қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде. Латвиядағы айтулы аламанға әлемнің 50-ден астам елінен келген спортшы бақтары мен баптарын безбенге салады. Отандасымыздың мақсаты — бұл байқауда үздік бестікке кіру. Жерлесімізге жеңіс тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Орал татамиіндегі тартыс: Қазақстан чемпиондары анықталды
01.09.2026, 16:00
Қазақстан велотректен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогында бес алтын медаль жеңіп алды
01.09.2026, 11:30
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтті
01.09.2026, 10:30
Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
31.08.2026, 12:15
Бокстан «Silesian Open» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 10 алтын жеңіп алды
30.08.2026, 12:00
Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде топ жарды
29.08.2026, 22:40
Қарағандылық «Шахтер» ҚПЛ-ге оралды
28.08.2026, 12:00
Брэдли Барколя «Ливерпуль» ойыншысы атанады
27.08.2026, 16:00