Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатын «QAZSPORT» көрсетеді

Бүгін Чехияда хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты басталады. Чех жерінде өтетін дүбірлі доданы «QAZSPORT» көрсетеді. Сергей Старыгин шәкірттері Швейцария, Словакия, Финляндия, Швеция спортшыларымен бір топта өнер көрсетеді.
Қазақстандықтар элиталық дивизион ойындары басталмас бұрын қосымша 3 жолдастық кездесу өткізді. Жергілікті "Поруба" командасын ғана ойсырата ұтып, Ресей мен "Витковице" ойыншыларынан айласын асыра алмады.
Естеріңізге сала кетейік, кейбір матчтар Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін "Барыс" командасының ойындары және Ағылшын Премьер лигасымен тұспа-тұс келеді. Осыған орай бірқатар матчтарды "QAZSPORT" телеарнасының сайтынан тікелей эфирде тамашалап, телеэфирден ойынның жазбасын көре аласыздар.
Ал Қазақстан-Финляндия матчын 29 желтоқсан күні сағат 19:50-де «QAZSPORT» арнасы тікелей эфирде ұсынады. Сондай-ақ, біздің телеарна плей-офф кезеңінің немесе жұбаныш кездесулерінің матчтарын көрсетеді (Қазақстан жастар құрамасының ойынына байланысты).
Хоккей жанкүйерлері жерлестеріміздің қатысуымен өтетін матчтарды qazsporttv.kz сайтынан тікелей эфирде көре алады.
26 желтоқсан ⌚19:50 🇨🇭 Швейцария - Қазақстан 🇰🇿 / эфирде 23:10/
27 желтоқсан ⌚19:50 🇸🇰 Словакия - Қазақстан 🇰🇿 / эфирде 22:10 /
30 желтоқсан ⌚19:50 🇰🇿Қазақстан - Швеция 🇸🇪 / эфирде 23:15 /
Отандастарымызға жеңіс тілейміз!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
