Елордада 7 елдің ҰОК-нің бас хатшылары кездесті
Бас қалада Азия Олимпиадалық аймағының Орталық-Азия аймағындағы Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің бас хатшылары жұмыс барысымен кездесті. Күн тәртібінде ҰОК-тар арасындағы ынтымақтастықты нығайтумен қатар, Орталық Азия ойындарын жаңғырту туралы ойлар айтылды.
Жиынға Қазақстан ҰОК вице-президенті Андрей Крюков, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Иран елдерінен келген ҰОК өкілдері қатысты. Қазақстан ҰОК басшысы, сонымен қатар Азия Олимпиадалық одағының вице-президенті Тимур Құлыбаев бас хатшылардың осы мәселе бойынша жиын өткізіп, жарыстың өткізілуі туралы талқылауды ұсынған еді.
Жиынға қатысушылар 2021 жылға жоспарланған Орталық Азия ойындарын жаңғыртуды талқылады. Мұндай кешенді спорт жарыстары тек қана спортшылардың ғана емес, қатысушы елдердің өзара халықаралық ынтымақтастығын да нығайтуға үлесін қосады деген пікірді бірауыздан қолдады.
Ақпарат көзі: ҚР ҰОК