«Qazsport» телеарнасы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

«Qazsport» телеарнасында ұлттық спорт түрлерінің трансляциясы едәуір артқан. Бұл туралы Қоғамдық кеңес отырысында арна басшысы Павел Цыбулин айтты. 

Кеңес отырысында «Qazsport» телеарнасының өткен жылғы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Л.Танысбай, «Qazsport» телеарнасының директоры П.Цыбулин, Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы С.Мұсайбеков, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан және өзге де спорттық федерациялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

«2019 жылы «Qazsport» телеарнасы 29 спорт түрі бойынша 1200 трансляция ұйымдастырды. Оның 525-і - елдегі жарыстар. Ел және шетел аумағындағы бәсекелердің 311-і қазақстандық спортшылардың қатысуымен түсірілді. Ұлттық спорт түрлері бойынша 95 трансляция жасалды. Қойылып отырған талапқа сай, бұл өткен жылдармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш», - деді П.Цыбулин өз сөзінде. 

Оның ішінде жамбы атудан «Алтын жебе», бәйгеден «Алтын тұлпар», «Ұлы дала ойындары», қазақ күресінен Азия және Әлем чемпионаттары, «Қазақстан барысы», «Әлем барысы», «Халық барысы» турнирлері бар. 

«Ұлттық спорт түрлерін насихаттауда «Qazsport» арнасының рөлі зор. Қай жағынан болсын қолдау тауып жатыр. Қазір арна ұлттық спорт түрлерін өзге елде көрсету бойынша бастама көтеріп жатыр. Бұл – құптарлық мәселе. Қауымдастық тарапынан жобалар ұсынуға дайынбыз», - деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан. 

Арнаның 70 пайыз өнімі спорттық трансляциялардан тұрса, 20 пайызы бағдарламалар мен жобаларды құрайды. Телеарна өткен жылы Азия-Тынық мұхиты хабар таратушыларының одағына (ABU) кірді. Ұйымға 76 елден 272 адам мүшелік етеді. 

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес отырысында 2020 жылғы Токио Олимпиадасының трансляциясын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан әзірге 29 лицензия иеленді. 

«Қазақстанда «Qazsport» арнасын көрмейтін бірде-бір адам жоқ. 2020 жылғы Токио Олимпиадасы ойындарының көрсетілімін де жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. Биылғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың 80 пайызы - жастар. Бұл – еліміздегі өзге де жастар арасында спортты насихаттаудың бірден-бір себебі», - деді өз сөзінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Абаев. 

Қоғамдық кеңес қатысушылары отырыс барысында одан бөлек, ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, қазақстандық комментаторлар мектебін ұйымдастыру, еліміздегі спорт журналистерінің мектебін қалыптастыру туралы пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды