Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

UEFA Ұлттар лигасы 2020/2021 жылдардағы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Биыл С дивизионында сынға түсетін Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.

Қазақстандық футболшылар төртінші топқа түсті. Қарсыластары - Литва, Беларусь және Албания құрамалары. С дивизионында бірінші топта Әзербайжан, Люксембург, Кипр, Черногория, екіншісінде Армения, Эстония, Македония, Грузия, үшіншісінде Молдова, Словения, Косово, Грекия құрамалары сынға түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасының турнирінде біздің құрамамыз D дивизионының бірінші тобында ойнап, алты ұпаймен екінші орын алған болатын. Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының ережелерін өзгерту туралы шешіміне байланысты С тобына көтерілді. С дивизионынан үздік шыққан төрт команда В дивизионында ойнауға жолдама алады. 

Топтық кезеңнің барлық матчтары осы күзде өтеді.

Бөлісу