Дәметкен Келімбет пен Римма Волосенко олимпиадалық іріктеу турнирінде жарысты алғашқы айналымнан аяқтады

Иорданияның Амман қаласында бокстан Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Дәметкен Келімбет пен Римма Волосенко жеңіліске ұшырады.

Әйелдер арасында 57 келіде сынға түскен Дәметкен Келімбет қытайлық қарсыласынан 0:5 есебімен ұтылса, 60 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Римма Волосенко үндістандық Симранжит Каурге есе жіберді. Үнді боксшысы 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін айта кеткен жөн.

Бүгін шаршы алаңға 63 келі салмақ дәрежесінде Зәкір Сафиуллин қытайлық Жанг Шанмен кездессе, 81 келіде Бекзад Нұрдәулетов Жаңа Зеландия өкілі Жером Помпеллонеге қарсы қолғап түйістіреді.

Олимпиадаға іріктеу турнирін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде 5-ші наурыз күні сағат 15:00-ден бастап көрсетеді.


Фото: olympic.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды