Басты Жаңалықтар ITTF Олимпиада ойындарына дайындық қарсаңында ресми мәлімдеме жасады

ITTF Олимпиада ойындарына дайындық қарсаңында ресми мәлімдеме жасады

ITTF Олимпиада ойындарына дайындық қарсаңында ресми мәлімдеме жасады

Халықаралық үстел теннисі федерациясы COVID-19 пандемиясы кезіндегі Токио Олимпиадасына дайындық жұмыстарын Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесе өткізуде. Бұл туралы ITTF ресми мәлімдемесінде айтылған.

«COVID-19 пандемиясымен күрес кезіндегі ITTF талаптарын жоғары бағалады. Томас Бах Жапониядағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары қарсаңындағы дағдарыс кезіндегі ITTF қызметіне алғысы білдірді. 

«Біз алдағы уақытта да ХОК-пен әріптестікті жалғастырамыз және  Құрлықтық федерациялар мен ITTF атлеттер Комиссиясымен бірлесе отырып, Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі әділетті түрде аяқталуын қадағалаймыз», - деді ITTF бас хатшысы Рауль Калин. 

ITTF атқарушы комитеті 29 наурыз күні тағы да жиналып, ХОК-тың 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлеріне ресми ұсыныс енгізеді.


Olympic.kz

Бөлісу