Футбол және хоккей федерацияларының қызметкерлері бас қосты

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері келіссөз өткізді.

Қазақстан хоккей федерациясынан кездесуге спорт директоры Алексей Мамонтов пен атқарушы директор Андрей Сачук қатысты.

Қазақстан футбол федерациясынан Техникалық орталық директоры Иван Азовский мен бұқаралық, балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, сонымен қатар сала мамандары Әсет Базеков, Никита Утробин, Қуаныш Бақытбеков және Қуандық Ермекбаев қатысты.

«Қазақстан хоккей федерациясының өкілдері балалар мен жасөспірімдер футболының инфрақұрылымымен танысты. Олар футбол клубтары мен академияларды сертификациядан өткізу, бапкерлерге білім беру және ойыншылардың транфсер тәртібі қызықтырды. Қазақстан футбол федерациясының лицензиялау және аттестациялау департаменті мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының мамандары да серіктестік танытты. Ұжымдардың ынтымақтастығы әлем спортының басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Әріптестерге қолдау көрсетуге тырысамыз», - дейді Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский.

«Біз үшін қазақстандық футболдағы ойыншылардың алмасуы кезеңіндегі өтемақы механизмдері қызықты болды. Сонымен қатар, бапкерлерді сертификациядан өткізу, спорт ғимараттары мен әртүрлі клубтың құрылымдарын лицензиялау тәжірибесімен алмасамыз. Олардың арасында балалар мектебі де бар. Пайдалы тақырыптарды қозғай білген әріптестерге алғыс айтамын. Ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту жолында жұмысты жалғастыра береміз», - дейді Қазақстан хоккей федерациясының спорт директоры Алексей Мамонтов.


Kff.kz


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды