Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізеді

Жалғас Жұмағұлов әлемнің үздік жекпе-жек лигасы UFC-дегі дебютін 11 шілде күні Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» бразилиялық Раулиан Паиваға қарсы өткізеді.

Раулиан Паив спорттық мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, 16 рет жеңіске жеткен. Ал UFC октагонына 3 мәрте көтеріліп, қос кездесуде жеңіліске ұшырап, 1 рет қарсыласынан басым түскен.

Жұмағұлов-Паива жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 03:55-те басталады. UFC 251 кешін «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Абу-Даби төріндегі басты кездесу жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Камару Усман мен Хорхе Масвидаль арасында өтеді. Бұдан бөлек негізгі кардта Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.

Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қазан айында ресейлік файтер Али Багаутиновты(19-7) төрешілерінің шешімімен жеңіп, өзіне тиесілі чемпиондық атақты қорғап қалды. UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған екінші қазақстандық. Бұған дейін М-1 Global турнирінде қарсылас шақ келтірмеген Шавкат Рахмонов аталмыш лигамен келісімге келген еді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан ресми түрде каратеден қара белбеу иегері атанды
Ресми: Трент Александер-Арнольд «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
Жания Бекмұхамбетова халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Криштиану Роналду «Аль-Хиляль» немесе «Аль-Ахли» клубтарына ауысу туралы ұсыныс алды
Қазақстандық алып үш әлемдік рекорд орнатты
Елена Рыбакина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына шықты
Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
«Челси» үш түрлі еурокубок жеңіп алған тарихтағы алғашқы команда атанды
«Челси» Конференция Лигасының чемпионы
Ресми: «Барселона» Ламин Ямальмен келісімшарт мерзімін 2031 жылдың шілде айына дейін ұзартты
Каратеден Премьер-лига жарысына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Криштиану Роналду «Әл-Хиләлге» ауысуы мүмкін
Астанада көркем гимнастикадан спорт шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды
Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайды
Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті
Криштиану Роналду «Әл-Насрдан» кетуі мүмкін
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Ресми: Эрик Тен Хаг «Байер» клубының бас бапкері болып тағайындалды
АҚШ құрамасы 1960 жылдан бері алғаш рет хоккейден әлем чемпионы атанды
Килиан Мбаппе 2024/25 маусымының «Алтын бутсасын» жеңіп алды