Қытайдағы WTA және АТР турнирлері өткізілмейтін болды
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) мен Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2020 жылы Қытайдағы турнирлердің өтпейтінін мәлімдеді.
Мұндай шешім қабылдауға Қытай билігінің жыл соңына дейін коронавирус індетіне байланысты қандай да бір жарысты өткізбеуі себеп болған.
Осылайша, WTA Қытайдағы жеті жарыстың өтпейтінін мәлімдеді. Оның ішінде, WTA финалдық кезең де бар. Аталған турнир 1-8 қараша аралығында өтуі тиіс болатын.
Ерлер арасында өтпейтін бәсекелер қатарында Шанхайдағы Masters 1000 турнир, Азиядағы жалғыз АТР Masters 1000 турнирі бар. Әлемдік қауымдастықтар Қытай билігінің бұл шешіміне құрметпен қарайтынын жеткізген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
18.10.2026, 14:24
«Qazsport» телеарнасы футболдан Италия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
16.10.2026, 17:39
Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
15.10.2026, 15:00
Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады
15.10.2026, 14:00
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25