Әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның екінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына аяқталды
Астана қаласында өтіп жатқан Әлемдік шахмат тәжі үшін ойынның екінші партиясы Ян Непомнящийдің пайдасына аяқталды.
Қытайлық шахматшы екінші партияның 29-шы жүрісінде жеңілгенін мойындады. Бұл Непомнящий үшін әлемдік шахмат тәжі үшін өткен ойындағы алғашқы жеңіс.
Екі шахматшы арасындағы бірінші партияда тең нәтиже тіркелген еді. Дәл қазір қос шахматшы арасындағы есеп: 1,5:0,5.
Ертең ресми демалыс күні. Әлемнің 17-ші Чемпионы анықталатын ойынның үшінші партиясы 12 сәуірге жоспарланған.
Айта кетейік, қос шахматшы арасындағы ойын 14 партияға дейін жалғасады. Мерзімінен бұрын жеңіске жету үшін екі шахматшының бірі 7,5 ұпай еншілеуі тиіс. Партиядағы жеңіс үшін бір ұпай, тең ойын үшін 0,5 ұпай беріледі. 14 партиядан кейін тең есеп тіркелетін болса, екі шахматшы арасында тай-брейк ойналады.
Әлемдік шахмат тәжі үшін өтіп жатқан ойынды арнамыздың тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.