Өскемендік «Алтай» клубтар арасындағы Азия Чемпионатын бастады
Вьетнамда волейболдан Клубтар арасындағы Азия Чемпионаты басталды. Жарыста еліміздің намысын өскемендік «Алтай» волейбол клубы қорғап жатыр. 9 команда бақ сынап жатқан турнирде Юрий Панченко шәкірттері В тобында: «Diamond Food» (Таиланд), «Hip Hing» (Гонконг), «Liaolin» (Қытай) және «Khuvsgul Erchim» (Моңғолия) командаларына қарсы ойнайды.
Бүгін алғашқы ойында тайландтық «Diamond Food» волейбол клубымен кездесіп, тартысты өткен ойында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында қазақсмтандық команда 0:2 есебімен жеңіліп тұрған, алайда бас бапкердің дер кезінде алаңдағы ойыншыларды алмастыруы командаға жаңа дем беріп, ойын қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Енді келесі ойынды Сара Анарқұлова бастаған волейболшылар моңғолиялық «Khuvsgul Erchim» командасына қарсы өткізеді.