Пара дзюдо Азия Чемпионаты. 1-күн

Астана қаласында пара дзюдодан Азия Чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде еншіледі.

Пара дзюдодан Азия Чемпиондары:

Ерғали Шәмей (J1-73 келі)

Даяна Федосова (J1-57 келі)

Күміс жүлдегер: Ақмарал Науатбек (J2 - 48 келі)

Қола жүлдегер: Олжас Оразалыұлы (J2 - 73 келі)

J1-73 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерғали Шәмей, финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, ақтық белдесуде өзбекстандық Шахрух Мамдовты жеңді. Айта кетейік, Ерғали 2022 жылы парадзюдодан Әлем Чемпионы атанған еді.

J2 - 57 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылардың аз болуына байланысты айналым жүйесімен өткен жарыста Даяна төрт кездесуде жеңіске жетіп, жарыс жеңімпазы атанды.  

Парадзюдодан Әлем Чемпионы атанаған Ақмарал Науатбек (J2 - 48 келі) айналым жүйесі бойынша өткен жарыста, жапониялық қарсыласына есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды. Бұл салмақта Азия Чемпионы Лобар Хурромова (Өзбекстан) болса, Кокила (Үндістан) және Юи Фужиуара (Жапония) қос қола жүлденің иесі атанды.

J2 - 73 келі салмақта белдескен отандасымыз Олжас Оразалыұлы Токио Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Фируз Саидовты (Өзбекстан) иппон әдісімен жеңді. 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды
Бейбарыс Қаблан Универсиада ойындарының қола жүлдегері