Қазақстандық хоккейшілер Франция командасына есе жіберді (ВИДЕО)
Хоккейден Қазақстан құрамасы олимпиадалық іріктеу турнирі аясындағы екінші матчта Франция командасына есе жіберді. Қорытынды есеп - 4:1.
Кездесудің 20-секундында француз хоккейшілерінің қақпасын дәл көздеген Найджел Доус есеп ашты. Көп ұзамай Саша Трей есепті теңестірсе, Стефан да Коста салған шайба француздықтарды алға шығарды. Матчтың екінші кезеңінде таблодағы есеп өзгермеді. Алайда, соңғы кезеңде Флери мен Флоран Доуи Қазақстан командасының қақпасына екі шайба салып, есепті 4:1-ге жеткізді.
Осылайша, қазақстандық хоккейшілері Франция командасына есе жіберуіне байланысты, алдағы матчтарды жеңіспен аяқтағанның өзінде Пхёнчханда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама ала алмайды.
Енді қазақстандық хоккейшілер жексенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да Италия командасымен ойнайды. Аталған кездесуді «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55