Басты Жаңалықтар Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы

Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы

Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы

Астанада өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық спортшылар бірнеше жүлдеге қол жеткізді.

100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров финалда молдовалық Вадим Гимбовскийді жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Марат Байқамұровтың жарыстағы жолы:

✅ 1/16 финал - Михейли Бекаури (Қырғызстан)

✅ 1/8 финал - Мичал Жедрежевски (Польша)

✅ 1/4 финал - Симеон Казарина (Нидерланд)

✅ 1/2 финал - Майкл Коррел (Нидерланд)

✅ Финал - Вадим Гимбовский (Молдова)

90 келіде Айдар Арапов қола медаль үшін белдесуде нидерландтық Франк Де Уиттен басым түсіп, жүлдегер атанды.

Аида Тойшыбекова да қола медаль иеленіп, италиялық Мариниді жеңді.

Ал Камила Берліқаш финалда ресейлік Элис Старцеваға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Екатерина Токарева қола медаль үшін өткен белдесуде франциялық Лиз Нгелебияға есе жіберді.

Бөлісу