Қазақстандық ауыр атлеттер жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 🇰🇿 Қазақстан құрамасы жаһандық додада бес жүлде жеңіп алды. Барлық медаль 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тіркелді.
Жұлқа көтеруде Әлихан Әскербай 161 келіні еңсеріп, күміс жүлдегер атанды. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келі нәтижемен алтын медаль иеленді. Бұл жаттығуда Әлихан Әскербай да сәтті өнер көрсетіп, 194 келімен қола медальға қол жеткізді.
Қоссайыс қорытындысы бойынша Ерасыл Сәулебеков 356 келімен күміс жүлдеге ие болса, Әлихан Әскербай 355 келімен үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ, 65 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы