Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан әйелдер арасында екі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар белгілі болды.
48 келі салмақта 21 жастағы Валерия Васечко қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, сенімді жеңіске жетті.
53 келіде өткен жылы 151 келі көтерген Айнұр Абдықалықова биыл нәтижесін 13 келіге арттырып, чемпион атанды.
48 келі:
🥇 Валерия Васечко (Ақмола обл) - 123 келі (55+68)
🥈 Светлана Квасникова (Ұлытау обл) - 109 келі (49+60)
🥉 Арина Леванова (Жетісу обл) - 107 келі (48+59)
53 келі:
🥇 Айнұр Абдықалықова (Жамбыл обл) - 164 келі (72+92)
🥈 Виктория Мурашкина (Қостанай обл) - 155 келі (70+85)
🥉 Айгерім Әуелбек (Жетісу обл) - 154 келі (71+83)
Айта кетейік, 12-18 мамыр аралығында өтетін Қазақстан чемпионатында 16 өңірден 164 спортшы бақ сынауда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азиада-2026: Жапонияда қандай ерекше спорт түрлері болады?
21.08.2026, 16:05
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Қайрат өз алаңында жеңіліп қалды
21.08.2026, 09:00
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40