Гвардиола маусым соңында «Манчестер Ситиден» кетеді
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола осы маусымның соңында командадан кететіні белгілі болды.
Daily Mail басылымының ақпаратына сүйенсек, 55 жастағы маман АПЛ-дің соңғы 38-турындағы «Астон Виллаға» қарсы өтетін матчтан кейін (24 мамыр) қызметінен босайды.Ал ресми мәлімдеме ойынның ертеңіне, маусымның аяқталуына арналған чемпиондық шеруі кезінде жарияланады деп күтілуде.
Оның орнына «Челсидің» бұрынғы бапкері Энцо Мареска тағайындалады.
«Манчестер Сити» турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Арсеналдан» 5 ұпай қалып, екінші орында келеді, бірақ көктердің бір ойыны бар.
Айта кетейік, биылғы маусымда команда Англия Кубогы мен Англия лигасының Кубогын жеңіп алды.Бапкер Манчестерде 10 жылға жуық уақыт ішінде 20 трофей жеңіп алды: Чемпиондар Лигасы, УЕФА Суперкубогы және Клубтық әлем чемпионаты, АПЛ-дің 6 дүркін чемпионы, 3 Англия Кубогы, 3 Англия Суперкубогы және 5 рет Лига Кубогы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінде қола медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:04
Алан Құрманғалиев Қытайдағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
12.10.2026, 11:02
Дастан Сәтпаев «Бернли» сапына қосылды
09.10.2026, 15:50
Денис Тен мемориалы: Софья Самоделкина үздік үштікке енді
09.10.2026, 11:30
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
08.10.2026, 15:00
Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
08.10.2026, 11:00
WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
08.10.2026, 10:00
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы соңғы ойынын өткізді
07.10.2026, 10:10